«Ақ жол» — Алаш идеологиясын ұстанған партия

39


Түбегейлі өзгеріс алып келуді ұран еткен «Ақ жол» демократиялық партиясы Шымкент тұрғындарына арнап керемет кеш өткізді. Шара барысында елімізге белгілі мәдениет қайраткерлері өнер көрсетіп, халықтың ықыласына бөленді. Партияның мерекелік кеш өткізудегі басты мақсаты сайлау алдында халыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлау.

 

«Ақ жол» демократиялық партиясының Шымкент қалалық филилы мегаполис тұрғындарына арнап керемет концерт өткізді. Шара мақсаты шаһар жұртшылығына сайлау алдында мерекелік көңіл күй сыйлау. Түбегейлі өзгерістер енгізуді қалайтын партияны қала халқы да қолдайтынын жеткізді.

Айгүл Азатова, Шымкент қаласының тұрғыны: «Мерекенің қарсаңында, қасиетті күннің қарсаңында Ақжол партиясы үлкен керемет кеші болып жатыр. Сол кештің куәсі болып, міне абыр-сабыр жинадып жатырмыз. Түбегейді өзгерістер қажет деп ұстаным ұстанған партияның жұмысына өзім кәміл сенемін»

Шарада елімізге белгілі дәстүрлі, опера және эстрада әншілері өнер көрсетті. Концертке арнайы келген ҚР Парламенті Мәжілісінің VІІ шақырылым депутаты Қазыбек Иса мұндай патриоттық кештер еліміздің рухын көтеретінін айтады.

Қазыбек Иса, ҚР Парламенті Мәжілісінің VІІ шақырылым депутаты: «Ақжол» партиясының 7 партиядан айырмашылығы Алаш идеясын ұстанып, ұлттық мүддені қорғайтын партия екендігінде. Тәуелсіздік пен Алаш идеясы дегеннен басталады біздің бағдарламамыз. Ұлттық идеалогия дамымаса, ұлттың экономикасы дамымайды. Оны осы 30 жылымыз дәлелдеп берді”

Айта кетейік, «Ақ жол» демократиялық партиясының саяси бағдарламасы 6 бағытқа негізделген. Онда ұлт мүддесі, салиқалы саясат жүргізу, ана тілін құрметтеу сынды бірқатар ұстанымдар бар. Соған орай шара барысында “Ақ жол” партиясының үгіт-насихат жұмыстары кеңінен жүргізілді.