«Халықтың тұрмыс сапасын жақсартуды парызым» деп санайтын Арман Оразбаев мегаполистегі маңызды нысанның бірі «Қуатжылу орталық -3» мекемесін аралап қайтты. Орталық қызметкерлері кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен танысып, өздерін толғандырған мәселесін ортаға салды. №11 сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына үміткер шаһардың қарыштап дамуына үлес қосуды мақсат еткенін айтты.
№11 сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына үміткер Арман Оразбаев «Қуат Жылу орталық-3» мекемесіндегі жұмыстардың барысымен танысты. Мегаполис үшін маңызды нысанның бой көтеруіне үлкен үлесін қосқан азамат елімізде баламасы жоқ мекеменің ауқымы алдағы уақытта тағы да кеңейетінін айтады. Ал мекеме басшысы, игі іске ұйытқы болып жүрген азаматтың еңбегіне дән риза.
Пердебай Сәбитов, «Қуат Жылу орталық – 3» МКК бас директоры: «Осы қазандықтың атсалысуына Арман Оразбаев өзінің фирмасымен келіп, тендерден ұтып алғаннан кейін осы жұмыстарды жүргізген. Құрылыс жұмыстарына араласқан, жас маман, қаланың жылуэнергетикасына, электроэнергетикасына үлес қосып жүрген азамат. Қаламыздың өркендеуі үшін осындай жастардың депутат болғанын біз қалаймыз, атсалысамыз, дауыс береміз!»
Айта кетейік, 160 гигакалориялық қазандық бүгінде бірқатар аумақты жылумен, ал жаз айларында ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр. Нысан құрылысы заманауи талапқа сай жасалған, әрі ең тиімді тұсы- автоматтандырыған жүйеде жұмыс істейді. Қазіргі таңда айтулы орталық сапалы жұмыс нәтижесінде көптің көңілінен шығып, алғысын алуда.
Арман Оразбаев, Шымкент қалалық мәслихаты депутаттығына үміткер: «Бұл аналогы жоқ қазандық. Бұл Қазақстанда баламасы жоқ, жақын ТМД елдерінде де баламасы жоқ. Ал көлемі бойынша ТЭЦ-3-пен салыстырсаң қуаты 2 есе көп. Ол мына қаланың 85-90 пайызын қамтуға шамасы бар. Мұндай қазандық соғылмаған, мамандар жоқ, соны үйреніп, жұмылып бітірген жұмысымыз бар.»
Үміткер халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналуды көздейді. Тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуды мақсат еткен кандидаттың сайлауалды бағдарламасы халық үшін маңызды 9 бағыттан тұрады. Арман Оразбаевтың ең басты мақсаты –халықты тұрақты жұмыспен қамтып, елдің әл-ауқатын арттыру.
№11 сайлау округі бойынша Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына үміткер А. Оразбаевтың жеке қорының қаражатынан төленді