Астананы Бурабай курорттық аймағымен байланыстыратын электр пойызы іске қосылды

48

Наурыз мейрамына орай ұлттық нақышта безендірілген пойыз Астананы Щучье-Бурабай курорттық аймағымен байланыстырады.

Поезд зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2023
Наурыз мейрамы қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ Астана – Бурабай курорты бағыты бойынша ұлттық нақышта безендірілген электр пойызын іске қосты, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы.
Мерекелік құрам күн сайын бір ай бойы жүреді. Пойыз Астанадан Нұрлы жол (сағат 06:03 жөнелту) және Астана-1 (сағат 06:57 мин жөнелту) вокзалдарынан қатынайды.
Жол бойында электр пойызы үш стансаға – Ақкөл, Елтай және Макинкаға аялдайды. Ал соңғы аялдамаға сағат 9:51-де жетеді. Жолаушылардың сапары жайлы болуы үшін вагондар ауа баптайтын қондырғылармен, биодәретханалармен жабдықталған.
Пойыз жолаушылары сапар барысында ойын-сауық контент пен пайдалы ақпаратпен жабдықталған vputi.kz мультимедиялық порталды пайдалана алады.