Бастысы сейсмоқауіпсіздік-Түркістан облысының әкімі тұрғын үйлерді аралады

44

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралап, мердігерлермен кездесті. Жауапты басшыларға құрылыстың сапасына басты назар аударып, көпқабатты тұрғын үйлердің сейсмоқауіпсіздігінің сақталуына қатаң бақылау жүргізуді тапсырды.

Жалпы,Түркістан қаласында 7 қабатты 32 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Ауқымды іске жергілікті және өзге өңірлерден келген 13 мердігер мекеме жұмылдырылған. 11 гектардан астам жерде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің жалпы ауданы 20 мың шаршы метрден асады. Жалпы құны – 25,7 млрд. теңге. Қазір құрылыс алаңдарында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.