Елімізде такси жүргізушілері мен курьерлер мемлекетке салық төлеуге міндеттеледі. Олар енді ресми түрде жұмыспен қамтылғандар қатарына жатқызылмақ. Бұл туралы өңірлік ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгул Сағындықова мәлімдеді.
Айтуынша, бұл өзгерістер өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды әлеуметтік сын қатерден сақтандыру үшін енгізіліп отыр. Яғни, бұл санаттағы азаматтар «тәуелсіз жұмыскер» деп қарастырылады. Бұл санатқа онлайн такси платформасына қосылған азаматтар мен курьерлік платформасындағы жұмыс істейтін мамандар жатқызылады.