Такси жүргізушілері тұрмысы төмен отбасыға баспана салып берді

11

Сарыағаш ауданына қарасты Жібек жолы ауылында қарапайым такси жүргізушілері тұрмысы төмен отбасыға баспана салып жатыр. Бұған дейін бірнеше шаңырақты сыйға тапсырған азаматтар бұл жолы 3 бөлмелі үйдің құрылысына кіріскен. Екі ай бұрын ғана басталған баспана құрылысы шілде айының аяғына дейін аяқталады дейді олар.

Жібек жолы ауылдық округінің такси жүргізушілері игі істі қолға алған. Нақтырақ айтқанда, тұрғындар тұрмысы төмен отбасыларға өздері баспана салып, сыйға береді. Қазірдің өзінде тағы бір үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Екі ай бұрын бой көтере бастаған шаңырақ 3 бөлмелі дейді такси жүргізушілері.

Гүлайым Қошанованың қазіргі тұрып жатқан баспанасының әбден тозығы жетіп, қирауға айналған. Жалғызбасты ана игі істің басы қасында жүрген азаматтарға алғыстан жаудырды.

Қазір бой көтеріп жатқан шаңырақтың құрылысына қажетті жабдық пен құрал-сайманды алуға ауыл тұрғындары да атсалысып келеді. Ал баспана құрылысы шілде аяның аяғына дейін аяқаталады деп күтіліп отыр.

Бұл – такси жүргізушілері жасаған қайырымдылықтың алғашқысы емес. Олар бұған дейін де тұрмысы төмен жанұяларға баспана кілтін сыйға тартқан екен.

Гүлдана Дәурен