Коммуналдық қызмет бағасын негізсіз өсірмек болған монополистерге бақылау күшейеді. Қаржы министрлігінің хабарлауынша, бұдан былай нарықтағы жұмыс ашық жүргізілетін болады.
Яғни, су, жарық, жылу, газ сынды тарифтердің бағасын көтергісі келген компания бір ай ішінде қоғамдық талқылау өткізуге міндетті. Әрі қызмет құнына не үшін қосымша ақы сұрағаны туралы есеп береді. Ал бұл процесстің бәрі онлайн жүргізілуі тиіс. Егер қоғам тарифті өсіруге бірауыздан қарсы болса, монополист кәсіпорын мұны ескеруге міндетті.