Олимпиаданың қола жүлдегері өз таңдауын жасады

16

Шымкенттік спортшылар сайлауда белсенділік танытты. Токио олимпиадасының қола медаль иегері №228 сайлау учаскесіне келіп өз таңдауын жасады. Мамандардың айтуынша мұнда жастардың саяси науқанға деген ынтасы ерекше байқалады.

Еліміздің жарқын болашағына үлес қосу ісіне спортшылар да атсалысып жатыр. Токио-2020 олимпиадасының қола медаль иегері каратэші Дархан Асаділов сайлауда белсенділік танытып, өз таңдауын жасады. Ол демалыс күнін ата-анасымен ауылда өткізуді жоспарлаған. Алайда халқымыз үшін маңызды науқаннан шетте қалмауды ұйғарыпты.

Дархан Асаділов, Токио олимпиадасының қола жүлдегері: «Бүгін сағат 11-де дауыс беруге келдім. Менің ойым бүкіл елге, халыққа өз ісімен, сөзімен қөмектесе алатын азаматтар жеңсе екен деп ойлаймын».

Таңғы 7-ден бастап ашылған Әл-Фараби кітапханасындағы учаскеде жастар белсенділік танытып жатыр. Сайлау комиссиясының төрағасы бұл, жарқын болашаққа деген жас ұрпақтың ұмтылысы екенін айтады.

Анар Жаппарқұлова, №228 сайлау учаскесінің төрағасы: «Қала тұрғындарының бүгінгі сайлауға деген ынта жігері ерекше. Қазір сағат 11-ден асты 95 адам дауыс берді. Бақылауымыз бойынша 1-ден кейін жаппай адамдар келеді деген болжамымыз бар. Өткен сайлауларға анализ жасай отырып»

№228 сайлау учаскесіне 2118 тұрғын тіркелген. Ал 6 адам басқа облыста сапарға шығуына байланысты арнайы талон сұратқан