Өзінің туған ағасын пышақтап, өлтірген…

82

Өзінің туған ағасына пышақ сұққан азамат Н.-ға қатысты іс қаралды. Іс материалдарымен анықталғандай, ол 2022 жылдың қыркүйек айының 21-күні сағат 20:00 шамасында өзінің ағасы Е-мен сөзге келіп қалып, жәбірленуші Е. сотталған Н-ді ұрып жіберген. Сотталушы Н. ағасына қол көтермей үйінен үш километр жерде орналасқан баудағы арқандаулы тұрған малдарына қарауға өзінің ВАЗ-2106 маркалы,  автокөлігіне отырып кетіп қалған.

Ертесі күні сағат 07:30 шамасында үйіне келіп, тұрғын үйінде тамақтанып отырғанда, жәбірленуші Е. алдында берген 100.000 теңге ақшасын сұраған, сонда сотталушы Н. қазіргі таңда ондай ақшасы жоқ екенін, кейін малын сатып беретіндігін айтқан, сол уақытта араларында ұрыс шығып, бір-бірімен айқайласып, асхана бөлмесіне шығып, төбелескен.
Сотталушы Н. не істерін білмей, ағасына шамасы жетпейтінін біліп, шкаф ішінде тұрған сабы ақ түсті асхана пышағын алып, жәбірленуші Е-нің оң жақ көкірек тұсынан, яғни жүрегінен бір рет сұғып алған. Салдарынан жәбірленуші Е. оқиға орнында қайтыс болған. Бұл туралы Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты хабарлады.
Нәтижесінде, 27 ақпан 2023 жылы соттың үкімімен сотталушы Н-ға, Қылмыстық Кодексінің 112-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 1 (бір) жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енбеген.