Úı ANONS Шымкентте 30 жас шамасындағы азаматты тірідей өртеп жіберген

Шымкентте 30 жас шамасындағы азаматты тірідей өртеп жіберген

Шымкентте 30 жас шамасындағы азаматты тірідей өртеп, өлтірген Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Полицейлердің мәліметінше, қандықол қылмыскер — құрбанын көлігінде өртеп жіберген.

Сұмдық жағдай 2018 жылдың алтыншы ақпанында Түлкібас ауданында орын алған. Құқық қорғау өкілдері мәйітті оқиға орнынан — Оңтүстік Қазақстан облысының аумағындағы Арыс өзені жағасынан, өртенген автокөліктің ішінен тапқан. Мәйіттің 30-35 жас шамасындағы Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталып отыр. Ал бұл қылмысқа күдікті ретінде Алматы қаласының жас тұрғыны құрықталған. Қазіргі уақытта аса ауыр қылмысты жасаған екінші күдікті іздестіріліп жатыр.

«Ағымдағы жылдың 6 ақпанында Түлкібас АІІБ-нің кезекші бөліміне өзен жағасында өртенген автокөліктен белгісіз азаматтың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері мәйіттің 30-35 жас шамасындағы Шымкент қаласының тұрғыны екенін анықтады. Аталған жайт СДТБТ-не «Кісі өлтіру» бабы бойынша тіркелді. Қазіргі таңда полицейлермен оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»- деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметі.