Жамбыл облысында пайдаланылмай жатқан 202 мың гектар жер мемлекет меншігіне өтті. Бұл алқап бұған дейін 449 адамның иелігінде болған. Облыстық прокуратураның араласуынан соң жер сотқа жетпей қайтарылды. Соның арқасында жайылымның жетіспеушілігі ішінара шешіле бастады.
Мәселен былтыр ауыл тұрғындарына 700 мың гектарға жуық мал жаятын аумақ қажет болған. Биыл бұл көрсеткіш 3 есе төмендеді. Мұның бәрі «Сенім маршруты» іс-шарасы аясында қолға алынды.»Прокурорлардың актілері бойынша сот шешімімен Жамбыл Байзақ және де Тараз қаласында қызмет көрсететін ұзындығы 45 шақырымды құрайтын гидроқұрылыс пен су құбыры желілері мемлекетке қайтарылды.
Сондай-ақ «ҚазСуШар» мекемесіне делдалдық ұйымдар арқылы суармалы суды өткізу фактілері бойынша қадағалау актілері енгізілді. Яғни қызметтерді шаруаларға 3 есе арзанға сатып алуға мүмкіндік береді», — дейді облыс прокурорының орынбасары Нұрбек Ұласбекұлы.