Мемлекеттік қызметшілердің ротациясы бар. Қолданыстағы заңға сәйкес өзге өңірлерге ротацияланатын қызметшіге уақытша үй берілуі тиіс. Алайда, қызметтік пәтер жетіспегендіктен, олар өз қаражатына үй жалдауға мәжбүр. Бұл көптеген қызметшілердің өзге өңірлерге барып жұмыс істеуден бас тартуына алып келеді.
Сондықтан, ротациялық төлемді енгізу осы олқылықтардың орнын толтырады,- деді мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев. Оны іске асыру үшін бюджеттік комиссия 2023-2025 жылдарға қажетті қаржы бөлуді мақұлдаған.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметте қашықтан жұмыс жасау және икемді жұмыс кестесін реттеу құзыретін агенттікке беру қарастырылған.