Қазақстандық компаниялар әлемдегі ең ірі туристік жәрмеңкеге қатысуда

29
Бал жәрмеңкесінің өнімдері

Берлинде әлемдегі ең ірі туристік жәрмеңке жұмысын жалғастыруда. Бастауын 1966 жылдан алатын бұл шара індет басталғалы алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оған әлемнің 180 елінен келген туризм индустриясының жетекші өкілдері қатысып жатыр.

Арасында қазақстандық қатысушылар да бар. Келушілер назарына киіз үй жиһаздары мен бұйымдары, қымыздан жасалған балмұздақ секілді тағамдар ұсынылған. Берлинге ел атынан 20-ға жуық туристік компания барған.

Бәрінің мақсаты бір – іскерлік байланыс орнатып, шетелдік туристерді көптеп Қазақстанға тарту. Жалпы немістер саяхатты жаны сүйетін халық саналады. Жиһан кезуге қомақты қаржы жұмсауға әрдайым дайын.

Статистикаға сүйенсек, 2021 жылдың қарашасы мен 2022 жылдың қазан айы аралығында олар туристік жолдамаға 25 миллиард еуро жұмсаған. Осы ретте сарапшылар Қазақстанның еуропалық туристерді өзіне тартуға әлеуеті зор,-дейді.