«Шымбұлақ» Гиннес рекордтар кітабына енді

75
Шаңғы, шана тебейік...

«Гиннестің рекордтар кітабы» компаниясының өкілдері кеше Шымбұлақ тау курортында болып, мұндағы шаңғы трассасының әлемдегі ең биік түнгі шаңғы трассасы екенін ресми түрде тіркеді.

«2023 жылдың 26 наурызында «Шымбұлақ» Гиннес рекордтар кітабына «Әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғысы трассасы бар курорт» ретінде ресми түрде енгенін жариялаймыз.
Баршаңызды құттықтаймыз! Осы күнді бізбен бөлісіп, тарихи сәтке айналғандарыңызға рақмет!», — деп хабарлады курорттың баспасөз қызметі.
Салтанатты іс-шарада курорт әкімшілігіне жетістікті растайтын сертификат табысталды.
«Шымбұлақ» – «Медеу» мұз айдынынан сәл биік орналасқан Алматы маңындағы танымал тау шаңғы курорты. Мұнда 1954 жылдан тау шаңғы спорт базасы жұмыс істей бастады.