Шымкентте 5 «G» интернет желісі қолжетімді болады

47

Шымкентте 5 “G” технологиясымен 10 базалық станция орнатылады. Қазір қондырғы орнатылатын нүктелер анықталып жатыр. Алдағы екі айда монтаж жұмысы аяқталып, жылдамдығы жоғары интернет іске қосылады.

Жалпы мегаполисте «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында елді мекендерді сапалы интернетпен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді.

Былтырдың өзінде мобильді операторлар 14 елді мекенге антенна-мачталық құрылғы мен базалық станция орнатты. Қондырғы арқылы 71 мыңға жуық қала тұрғынына сапалы интернет желісі қолжетімді болды.

Ал биыл қала аумағында интернет сапасы төмен 29 нүктеге базалық станция орнатылады деп жоспарланып отыр.