Шымкентте кәсіпкерге жарнама үшін негізсіз салық салынған

52
фото Егемен

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін салықты заңсыз есептеуге қатысты кәсіпкердің шағымы келіп түсті.

Салық органына кәсіпкер туралы дұрыс емес мәліметтерді әкімдіктің сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласындағы бейінді басқармасы жолдаған.

Жалған ақпараттың нәтижесінде кәсіпкерге жарнама үшін 800 мың теңгеге жуық салық есептеген.

Департаменттің араласуымен аталған мәселе бойынша әкімдікке ұсыныс жолданып, 785 мың теңге көлеміндегі негізсіз салық сомасы жеке кәсіпкердің банктік шотына қайтарылды.