Шымкентте жаңа 3 канал салынбақ

81

Шымкентте жаңа 3 канал салынады деп көзделген. Атап айтқанда, қазір «Ақсай-Қарабастау», «Қызыл-су», «Янгибай» каналдарының да жобалық-сметалық құжаттары дайындалды.

Ал қалада жалпы көлемі 34 канал бар. Оның 27-і ауыл шаруашылығы мақсатында, 7-еуі ирригациялық мақсатта пайдаланылады. Өткен жылы жалпы ұзындығы 197 шақырымды құрайтын 24 канал тазаланды. Ал «Сайрам су оң жағалау», «Көк», «Чумчак», «Сай ниже водопада», «Шымкент», Шапырашты» және «Сайрам су» оң жағалау каналдарында күрделі жөндеу жүргізілді.

Шараның мақсаты ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін шаруаларға ағын суды уақытылы жеткізу. Сонымен қатар биыл «БМК», «Сасық-1» каналдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.