Түркияның инвесторлары Түркістанда мырыш зауытын ашуға ниетті. Инвесторлармен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кездесті. «Джейланд Холдинг» компаниясының жаңа жобаға 40 млн. АҚШ долларын жұмсауға қауқарлы. Жаңа кәсіпорын Түркістан еркін экономикалық аймағының аумағына кіреді.
Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі: «Түркия мен Түркістанды ежелгі тарихи тамырлар мен рухани көзқарастар байланыстырады. Түркия – еліміздің маңызды, стратегиялық және сенімді серіктесі. Түркістанды дамытудағы қазақ-түрік ынтымақтастығының маңыздылығы белгілі. Біздің қалада халықаралық әуежай мен басқа да маңызды нысандардың құрылысына түрік компаниялары қатысқан. Алда тағы да ірі жобаларды қолға алуға атсалысамыз”.
Айта кетейік, Түркістан облысында түрік инвестицияларының қатысуымен 50-ден астам инвестициялық жоба жүзеге асқан.