Биыл ылғалды көп қажет ететін алқаптар қысқартылмақ. Оған мақсары, соя және қыша тәрізді майлы дақылдар кіреді. Бұл туралы көктемгі егіс науқанына дайындық туралы баяндама жасаған Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері айтты.
Олардың пайымынша бұл нарыққа қажетті өнімдерді алуға еш әсер етпейді. Есесіне көкөніс, бақша және картоп бойынша егіс алқаптары 11 мың га-ға ұлғайтылады. Биыл еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшерден тыс көп түскендіктен күзгі жиын-терім ішкі сұранысты толық қамтамасыз етеді деген болжам бар.
Бұдан бөлек, былтырдан қалған 330 мың тонна мақта өніміне сұраныс аз болғандықтан, оның да биыл көлемін қысқарту көзделуде. Түркістан облысында мақта алқаптарының белгілі бір бөлігін жүгері алқаптарына ауыстыру туралы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол жерге потенциалды инвесторлар тартылды. Қазіргі таңда крахмал зауытын орналастыру, 25-30 мың га алқапты жүгері алқаптарына ауыстыру жоспарда