Экстремистік материалдарды таратқан жергілікті тұрғынға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды

40

Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде, «Facebook» қолданушыларының бірі өз парақшасында экстремистік іс-қимылдарды насихаттау белгілері бар материалдарды жариялап, таратқанын анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде полицейлер күдіктіні, яғни сот тыйым салған экстремистік ұйымдардың бірінің идеологиясын жақтаушыны анықтады. Ол Төлеби ауданының тұрғыны болып шықты.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 405-бабы «Қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру және оған қатысу» бойынша тіркелді.
Тергеу амалдары жүргізіліп, жинақталған материалдар тиісті заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Нәтижесінде сот шешімімен ер адамға 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.