Úı ANONS Полицейлер жергілікті тұрғыннан 15 келіден астам марихуана тәркіледі

Полицейлер жергілікті тұрғыннан 15 келіден астам марихуана тәркіледі

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері сарыағаштық полицейлермен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізіп, есірткі құралдарын сақтап, өткізді деген күдікпен жергілікті тұрғынды анықтады.

Бұл бойынша брифинг кезінде полиция полковнигі Құрманбек Сахов толығырақ айтып өтті.
«Күдіктінің үйінің ауласы мен сарайын тінту кезінде, 2 түп есірткіге ұқсас өсімдік пен 20 литрлік ыдысқа салынған құрамында есірткісі бар заттарды тәркіледік. Сондай-ақ 50-ден астам сіріңке қорабы мен 2 пластикалық контейнерге салынған «марихуанаға» ұқсас есірткі затын таптық. Тәркіленген заттай дәлелдемелерді сараптамаға жібердік. Қорытындыға сәйкес есірткі затының жалпы салмағы 15 келіден асатын «марихуана» болып шықты» — деді Қ.Сахов.
Бұл факт ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.