«Бизнеске жол» жобасы аясында Шымкент қалалық Антикор Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп кәсіпкерлерге адал өнім беруші ретінде қалпына келтіруге көмектесті.
Мониторингпен келісім-шарт бойынша міндеттемелерді уақытылы орындамағаны үшін квазимемлекеттік сектор субъектісі кәсіпкерлерді жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізгені анықталды.
Осыған байланысты, келісу комиссиясын өткізу жөнінде бастамашылық жасалып, тараптар тыңдалды.
Оның барысында, жеткізуші тауарды Тапсырыс берушіге мерзімдері аяқталғанға дейін жолдағаны анықталды, бірақ логистикалық компанияның кінәсінен жүк уақытылы келмеген.
Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша кәсіпкерлер жосықсыз өнім берушілер тізілімінен шығарылды.