Өрт сөндірушілердің арасында кроссфит өтті

40
Төтенше жағдайларды жою кезінде әр секундтар қымбат екендігі анық, сондықтанда әр өрт сөндіруші алдына қойған тапсырманы жылдам және сапалы орындау үшін жоғарғы физикалық және моральды тұрғыдан дайындықта болу керек.
Осыған орай, Шымкент қаласындағы №5 өрт сөндіру бөлімінің кезекші қарауылдары арасында физикалық дайындықтары мен шыдамдылықтары бар мықтыларды анықтау үшін көп сайысты күш сынасудан (кроссфит) жарыс өткізілді.
Өрт сөндіру кроссфиті – бұл шыдамдылық пен күшке арналған, негізінде аэробты, гимнастикалық және ауыр атлетика жаттығуларынан тұратын бағдарлама. Салмағы 10 кг болатын арнайы киімді, сондай-ақ 10,5 кг құралған газ-түтіннен қорғау аппаратын киіп орындалатын бұл жаттығулар нағыз батыл жандардың ғана қолынан келетін шаруа. Ал өрт сөндірушілер осы қалыпта қауіпті қызметтерін күнделікті атқаруда.
4 кезекші қарауылдан 4 өрт сөндірушіден тұратын командалар қатысқан бұл сайыста зіл темірді көтеру, доңғалақтарды көтеру, жылжыту, түтікқұбырды сегіздік әдісімен жинау, турникке тартыну, бойынша күш сынасты.
Күш пен төзімділікке негізделген бұл сайыста өрт сөндірушілеріміз бірінен бірі артық түсті десекте болады.