Úı ANONS Қытаймен шекара қайта ашылды

Қытаймен шекара қайта ашылды

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы «Қорғас» шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығы  қайта ашылды. Екі елдің сауда-саттығын еселеп, тауар айналымын арттырып келген кешен пандемия кезінде үш жыл жұмыс істемеді.

Үш жыл бойы жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлер табысынан қағылып, біраз қиналды. Алайда шекара жабық болса да орталық терминалдарын жаңартып, адам және жүк өткізу пункттерін талаптарға сай етті. Автобус және жүк көлік паркін жаңалап, жүк қабылдап-шығару ережелеріне өзгерту енгізді.

Орталық жұмыс істеп тұрған жылдары мұнда бір күнде үш мыңға дейін адам кіріп шығатын. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 5 мыңға дейін көбейту көзделген.

Exit mobile version