Шымкент: Су арналарының құрылысы жақында аяқталады

46

Шымкенттегі 3 су арнасында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі таңда жерді құрылыс жұмыстарына дайындап, бетондалған арық жүйесі орнатылуда.

Жалпы Чумчак, Шапырашты су арналарына жауапты мердігер мекемеден құрылысқа 27 техника мен 50-ге жуық жұмысшы жұмылдырылды. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң шаруаларға су беру маусымын бастау жоспарланып отыр.

Мердігер мекеме басшылары 1 мамырға дейін жұмыстың 85 пайызы орындалатынын жеткізді. Айта кетейік, қалада жалпы саны 34 су арнасы мен 2 өзен бар.