Шымкентте магистральды көшелерде санитарлық, механикалық және қолмен тазалау жұмыстары жүргізілді. Қазір арнайы бригадалар газондарды орып, ағаш пен жасыл желектерді зиянкестерден, күннен қорғау үшін әктеп жатыр.
Сондай-ақ, жауын- шашын салдарынан су алу қауіпі бар аумақтар да қатаң бақылауға алынды.
Айта кетейік, қаладағы 443 магистральды көшенің тазалығына 5 мердігер мекеме бекітілген. Орталық көшелерді тазалау жұмыстарына күн сайын 1500-ге жуық жұмысшы, 100-ден аса техника жұмылдырылады.