Шымкенттік полицейлер қоғамдық көлікте мастурбация жасаған ер кісіні әлі таппай жатыр

2526
Қоғамдық автобус

Шымкент полицейлері қоғамдық автобус ішінде оқушы қыздардың көзінше жыныс мүшесін ұстап, өзін-өзі қанағаттандырған ер адамды әлі таппай жатыр. Дегенмен тәртіп сақшылары  қазіргі таңда мастурбацияға құмар ер кісінің жеке басын анықтағандарын айтты.

«Аталған факт Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін хабарлаймыз. Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Қазіргі уақытта оны ұстауға бағытталған барлық қажетті іс-шаралар жүргізілуде. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді» деп атап өтті полициядан.

Еске салсақ, біз бұған дейін автобуста белгісіз ер кісінің мастурбация жасап, мектеп оқушысын шошытқаны туралы жаздық. Оқиға 14 сәуір күні №52 бағыттағы қоғамдық көлік ішінде күндізгі уақытта болған. Араға бірнеше күн салып мұндай оқиға тағы  қайталанды. Әлеуметтік желілерде автобуста отырған ер кісінің түсініксіз әрекетінің видеосы тарап кетті. Видеоны 12 жасар оқушы қыз түсіріп алған. Анасының айтуынша, ер кісі қызының көзінше қоғамдық көлік ішінде мастурбация жасаған.

Екі оқиғада да анайы әрекет жасаған ер кісінің бір адам екені белгілі болып отыр.