Шымкентте үйін құс бағына айналдырған азамат тұрады. Экзотикалық құстарды өсіруге құштар Сырлан Тәшімбетов 250-ден астам сәнді қанаттыларды өсіреді. Бұл іске 32 жылын арнаған құс өсірушінің негізгі мамандығы – есепші.
Сырлан Тәшімбетов үйінде 100-ден астам экзотикалық құс өсіреді. Кәсібін алғашында сәнді қанатты тотықұстардан бастаған азамат, бүгінде сирек кездесетін құстарды көбейтумен айналысады.
Сырлан Тәшімбетов, құс баптаушы: «Әдемі, дайын тұр көбеюге. Егер 2-3 реттен асып кетсе, құстардың көбеюі, демалдырмай көбейтетін болса, онда басы тқаырланып, жүндерінің бәрі әлсізденіп қалады. Ал енді дұрыс қарамай, демалдырмайтын болса, өліп қалуы да мүмкін. Жібереміз бұны да вольерге, бұл балапандап енді болды. Оның балапандарын жапондық амадин деген құс бар, оны нянька деп те атайды. Соның астына бастырамыз, бұлар көбінесе өз балапандарын табиғаттың ауытқуына байланысты тастап кетеді.»
32 жылын сирек кездесетін құс өсіруге арнаған азамат бүгінде үйінің бір бөлмесін арнайы жабдықтап қойған. Сөзінше, бұл құстардың бабын табу көп еңбекті талап етеді. Оларға арнайы жемнен бөлек, салат, ботқа да беріледі, ал суын күніне 2 рет ауыстырып отыру қажет.
«Мына тұмсығы қазір дайындалған, тураланған, идеальный болып тұр. Жемі, витамині бәрін бергенбіз. Осы тұмсығы кейде өсіп кетіп жатады, ол жем жеген кезде кедергі келтіреді, жей алмай қалады. Соның бәрін біз туралаймыз, маникюр секілді. Сосын мына тырнақтарын да дәл солай. Аяқтары өте нәзік, тырнақтарын кескенде абайлау қажет. Мына қызыл сызықтан сәл асырып қырқу керек, әйтпесе құсқа ауыр тиеді» — дейді Сырлан Тәшімбаев.
Сырлан Тәшімбетов экзотикалық құстың сирек кездесетін 4 түрінен жалпы саны 250-ден астамын өсіріп отыр. Ол сәнді қанаттылар үшін бөлменің ылғалдылығы, ауа температурасы маңызды екенін айтады. Ендігі мақсаты – сирек кездесетін ерекше құстарды жұптастырып, жаңа түрін көбейту.
Сырлан Тәшімбетов, құс баптаушы: «Тотықұстарды бастаушы стадиядан біз өттік. Енді қазір қиындау амадин гулі деген секілді түрлерін көбейту қиын. Сұраныстағы құс. Көптеген құстар бар, канарейка бар, соларды көбейтуге тырысып жатырмыз. Жем де, су да проблема емес. Бірақ Қазақстанда бар дәнді-дақылдардың өзін бізде қолға алмағандықтан біз Өзбекстаннан аламыз. Жаңа түрін шығарғымыз келеді. Бірақ бұл біз үшін жаңа түс болуы мүмкін, ал оны паш еткізіп жария жасайын десең Өзбекстан, Түркия, Ресей секілді басқа мемлекеттерде бар.»
Тордағы бұл құстардың бағасы 10-15 мың теңгеден басталып, 100-150 мыңға дейін жетеді. Ал үшінші мегаполисте оның бағасы қарамай, жан рахаты үшін айналысатын жандар жетерлік. Сырлан Тәшімбетов, елімізде құс өсірумен айналысатын азаматтардың арнайы қауымдастығы құрылса дейді. Сонда біз елдегі сирек кездесетін қанаттыларды көпке көрсетіп, санын көбейтіп, халықаралық дәрежедегі көрмелер өткізуге атсалысар едік, дейді құс өсіруші.