Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы суару каналынан мәйіті табылған 9 сынып оқушысы Аружан Орынбайдың өліміне қатысты жаңа дерек шықты. Кеуде тұсынан алған пашық жарақатынан көз жұмған жасөспірімнің өліміне күдікті ретінде екінші адам қамауға алынды.
Полицейлердің мәліметінше, екінші күдікті де жергілікті жерде тұратын жас жігіт. Бұған дейін қыздың өлімі бойынша алғашқы күдікті 11 сынып оқушысы ұсталып, қамауға алынған болатын.
Қазіргі таңда екеуі де кінәсін мойындап, қылмыстық әрекетті қалай жасағандарын оқиға орнында нақтылап көрсетті.
Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі “Адам өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Бұған дейін Ордабасы ауданында ауыл шетінен оқушы қыздың мәйіті табылғаны туралы жаздық.