Түркістан облысында ауыл шетінен 9-сынып оқушысының мәйіті табылды

5121
Мәйіт

Түркістан облысы Ордабасы ауданында ауыл шетінен жасөспірім қыздың мәйіті табылды. 9-сынып оқушысы осыдан бірнеше күн бұрын қайтыс болған.

Полицейлердің мәліметінше, оқушының мәйіті 9 сәуірде суару каналынан табылған. Қызды өлтірді деген күдікпен 11 сыныпта оқитын ұл бала ұсталып, қамауға алынды. Аталған жайтқа байланысты Қылмыстық кодекстің  99-бабы 2-бөлігі “Адам өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Тергеу ісі Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.