Вашингтонда қазақтың ұлттық киімдеріне сұраныс жоғары

46
ұлттық аспаппен қоса ұлттық киімге де тамсанғандар аз болмады

АҚШ астанасы Вашингтонда қазақтың ұлттық киімдер дүкені ашылмақ. Мұнда қазақы нақыштағы, әсіресе қазақы ою өрнекпен көмкерілген көйлектерге сұраныс бар,- дейді белгілі дизайнер Айдана Омарова.

Арнайы сән көрсетіліміне қатысқан қазақтар, шетте жүргенде ұлттық киім киіп, халықтың болмысын көсетуге ықылас артатынын айтады. Осы кезге дейін әлемнің бірнеше елінде ұлттық киімдер үлгісін таныстырып үлгерген дизайнер АҚШ штаттарын да аралап салт-дәстүрді насихаттамақ ниетте.