Еліміздегі 37 ЖЭО бойынша әкімдіктермен бірлесіп алдағы жылыту маусымына дайындалу үшін Жол картасы әзірленеді. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.
Айтуынша, министрлік электр станцияларының техникалық аудитін аяқтаған. Негізгі көрсеткіштер бойынша рейтинг жасалды: тозу, негізгі жабдықтың жарамдық мерзімі, отын шығынының үлестік көрсеткіштері, персоналдың жинақталуы, пайдалы әсер коэффициенті, технологиялық бұзушылықтар және жөндеу бағдарламаларын орындау.