Бәйдібекте 400 мың теңге пара алған шенеунік 12 млн. теңге айыппұл төледі

118

 

Ағымдағы жылдың 5 мамырында Бәйдібек аудандық сотының үкімімен Бәйдібек аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Т. Досалиев параның отыз еселенген сомасы мөлшерінде 12 млн. теңге айыппұл төлеуге сотты болды.

Ол «Бәйдібек ауданы Ағыбет ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс» объектісінің жұмыстарын пайдалануға қабылдау актісіне кедергісіз қол қою және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерден 400 мың теңге пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.