Көпқабатты үйдің тұрғындары эвакуацияланды

44

Өткен демалыс күндері шымкенттік құтқарушылар 12 шақыртуға барды. Сол шақыртулардың бірінде олар көпқабатты үйдің тұрғындарын эвакуациялауға мәжбүр болды. 14 мамырда «Спортшылар» шағын ауданындағы бесінші қабаттағы пәтерлердің бірінен өрт шықты.

Жалын үй заттары мен жиһаздарды шарпыған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнына жеке құрамның 14 адамы мен 4 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.