«Нағыз талант». 5 жасар бала тігін машинасымен құрақ тігеді

2475

Жастығына қарамастан тігін машинасының қыр-сырын меңгерген 5 жасар бала жұртты өзіне қаратты. Әлі мектеп табалдырығын аттап үлгермеген бүлдіршін құрақ тігіп, үлкендерге қолғабыс болып жүр.

Тігін машинасымен еш алаңсыз құрақ тігіп отырған баланы жеңгесі видеоға түсіріп алып, ТікТок парақшасында жариялады.

«Менің 5 жасар қайын інім осылай құрақ тігеді. Мен мына машинканы түртіп те білмеймін» деп жазды автор.

Видеоны көрген желі қолданушылары балақайдың ерекше хоббиіне таң қалысып, оған сәттілік тіледі.

«Қолың дерт көрмесін, өнерлі тігінші бала», «Керемет, тіл-көзден амал бол. Тіпті кейбір үлкен әйелдер құрақ тіге алмайды», «Үлкен асулардан көріне бер», «Аңсаған арманыңа қолың жетсін», «Өнерің өрге бассын. Аллам күш-қуат берсін. Құдай қаласа қарындастарының жасауын тігетін жігіт қой», «Қандай күшті», «Тамаша, жарайсың», «Алтын бала ғой», «Міне, нағыз талант», «Ата-анасына рахмет» деп жазды желі қолданушылары.