Шымкентте 72 жастағы ер адам №1 қалалық аурухананың үшінші қабатындағы терезесінен құлап кетті. Қайғылы оқиға 18 мамырда түнде, 23:30 шамасында болған, деп хабарлайды ОТЫРАР.
Алдын ала мәлімет бойынша, мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Оқиға орнында хабарланғандай, зейнеткер өз-өзіне қол жұмсамақ болған соң ауруханаға түскен. Бұл нұсқа қалалық денсаулық сақтау басқармасында әлі расталған жоқ.
Қария Әл-Фараби ауданындағы Айқап ықшамауданында тұрған, отбасы, бала-шағасы бар. Куәгерлердің айтуынша, осыдан бір-екі күн бұрын атаға баласы келіп кеткен екен. Қазір барлық нұсқалар тексеріліп, мән-жайы анықталуда.