Түркістанда «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Созақ ауданының мәдениет күндері өз мәресіне жетті.
Мәдени-рухани шараның алғашқы күндері Этноауылда салт-дәстүрге, атап айтқанда шілдехана, бесік той, келін түсіру, қамшы өру, жүн түту сынды көріністер көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар қошқар көтеру, асық ату, ләңгі тебу, арқан тарту, гір тасын көтеру, қол күрес ұлттық спорт түрлерінен білекті палуандар арасында сайыс өтті. Бұдан бөлек аудан өнерпаздары рухани астанада «Теріскей ән-күй еліміз, Түркістан – түндік төріміз» атты гала-концерт ұйымдастырды.
Айта кетейік, «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінің келесі көшін Сауран ауданы жалғайтын болады.