Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әскери прокуратура

71

 

 

Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында прокуратура органдары тек елдің қорғанысы үшін қызмет атқарған. Әскери прокуратураның негізгі мақсаты тылдағы заңдардың сөзсіз орындалуын және жұмыс жасап тұрған Қызыл Әскерді үздіксіз тылмен қамтамасыз ету болған. Сонымен қатар, әскери прокурорлар өздерінің әскери және қызметтік парыздарын лайықты орындап, соғыс даласында нағыз батылдық танытты.

Соғыс басталған сәттен бастап 1942 жылдың тамызына дейін прокуратураның 885 қызметкерінің 441-і майданға атттанды. Майдандар, әскерлер, корпустар мен дивизиялардың әскери прокуратуралары құрылған. Сол уақытта Қазақстан аумағында Алматы гарнизонының әскери прокуратурасы құрылып, Орта Азия әскери окуругінің әскери прокуратурасы, гарнизондардың және оларға теңестірілген, соның ішінде 40 әскердің  әскери прокуратуралары қалыптастырылды және жұмыс атқарды. Сол кезеңде Жамбыл, Семей және Талдықорған облыстарында ірі гарнизондық әскери прокуратуралар жұмыс жасады.

1943 жылдың 1 маусымдағы майдангерлердің тізімдемесі бойынша Қазақстан прокуратура органдарындағы қызметкерлердің 11% ғана жоғары заң білімін алған. Олардың көбі тәжірибелік жұмыс барысында оқып үйренуге және тәжірибе жинақтауға мәжбүр болды. Дегенмен оған қарамастан, прокурорлар соғыс уақытында қиын міндеттерді ойдағыдай шешкен. Қазақ КСР прокуратурасының көптеген қызметкерлері үкіметтік наградаларға ие болғаны мұны растайды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 26 наурыздағы 600-ден аса прокуратура қызметкерлерін ерекше еңбегі үшін ордендермен және медальдармен марапаттау туралы Жарлығы. Майданда әскери прокуратураның 278 офицері ерлікпен қаза тапты.

Қазіргі уақытта, КСРО-ның ордендері және медальдарымен Қазақстан прокуратурасының 364 қызметкері марапатталды. Соның ішінде 34 «Қазақ КСР еңбек сіңірген заңгері» құрметті атаққа ие болды.

Ел үшін өте қиын кезеңдегі адал еңбегімен партияның және үкіметтің тарапынан жоғары бағаланған келесі әскери прокурорлар көрнекті тұлғалар мен жарқын мысалдар болып табылады:

  • Г. В. Прохоров – 1941 жылдың 26 қыркүйегінде қоршауда шайқас жүргізген полктің командалық пунктінде болған кезде командирлер мен қызыләскерлердің тобын басқарып, оларды жаудың жоғарғы шебіне шабуылдауға шақырды. Бұл сұрапыл шайқаста Прохоров ерлікпен қаза тапты.
  • Өтеген Сейітұлы Сейітов – қызметін қарапайым тергеушіден бастап, 40 жылдан аса прокуратура органдарында қызмет атқарған, 1966-1984 жылдары аралығында 18 жыл Қазақ КСР прокуратурасын басқарып, соғыс кезінде станлинградты қорғаған, үш рет жараланса да қайта-қайта қызметке оралған. Жауынгерлік еңбегі үшін ол Қызыл жұлдыз, 1-ші дәрежелі Отан соғысы және басқа да марапаттармен марапатталды.
  • 1941 жылдан 1945 жылға дейін Қиыр шығыс пен үшінші Украина майдандарының әскери прокуратураларында қызмет еткен Әмір Нұрышев Қызыл жұлдыз орденімен және өзге жауынгерлік медальдарымен марапатталған.
  • Әбілтай Ерсейітов – Ақтөбе облысындағы Родников ауданы прокуратурасының тергеушісі, Мәскеу қаласын қорғау кезінде ерлікпен қаза тапқан.

 

 

Олардың қызметіне деген көзқарасы, борышына, Отанына және кәсібіне деген адалдығы барлығымызға, әсіресе прокуратура қызметкерлерінің жас буыны үшін үлгі болып табылады.

Елімізде тәуелсіздіктің жариялануымен бірге барлық әскери прокуратуралардың тағдыры да айқындалды. 1992 жылдың 7 қаңтарында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысымен Қазақстанның аумағында орналасқан әскери прокуратуралар республика прокуратурасы органдарының бірыңғай жүйесіне енгізілді және осы жылдың 17 ақпанында Бас прокуратурада әскери прокуратураталар Басқармасы қалыптастырылып, кейіннен Бас әскери прокуратура болып қайта құрылды. 2005 жылдан бастап Қазақстанның әскери прокуратуралары заңнамалық тәртіпте әскери құралымдар қатарына жатқызылып, оның қызмткерлеріне әскери қызметшілер мәртебесі берілді.

Бүгінде Қазақстанның әскери прокуратурасы – бұл қойылған тапсырмаларды сәтті орындайтын құқық қорғау органы. Бұл тұжырымның жарқын мысалы – Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы.

Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы 1971 жылдың мамырында КСРО Бас әскери прокурорының №1 бұйрығына құрылып, Чимкент гарнизонының әскери прокуратурасы деп аталған.

Шымкент гарнизоны әскери прокуратурасының жаңа тарихы – егемен Қазақстанның жаңа тарихымен тығыз байланысты.

Қазіргі уақытта, Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Бас әскери прокуратураның бөлімшелерінің бірі бола отырып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдерінде және мекемелерінде заңмен жүктелген міндеттерді орындайды.

Тарихта әскери прокурорлар прокуратураның қалыптасуы мен дамуында орасан зор қызмет атқарып келеді.

 

 Е. Сыздықов

Шымкент гарнизоны

әскери прокуратурасының

аға прокуроры

                                                                         әділет майоры