Алимент төлемегені үшін қамауға алынды

94
фото tengrinews.kz

Отырар аудандық сотында 7 маусым 2023 жылы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды. Сотта анықталғандай, құқық бұзушыдан Отырар аудандық сотының 2021 жылғы 15 қарашадағы сот бұйырғы негізінде борышкер Д.Ж-ы өндіріп алушының пайдасына 1/2 мөлшерде алимент өндіру туралы жеке сот орындаушысымен 2023 жылғы 25 қаңтарда атқару өндірісі қозғалған.

Сот отырысында анықталғандай сот шешімін орындамаған, яғни 2023 жылғы 31 наурызға дейінгі алимент берешегі, жалпы 2 140 325 теңгені құраған.
Құқық бұзушы өзінің кінәсін мойындап, сот шешімін орындауға мүмкіндігі болмағанын, алдағы уақытта толық орындайтынын айтқан.
ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігіне сәйкес сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау – жеке тұлғаларға – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. Сот актілерінің болуы туралы борышкер біледі, сот актілері орындамаған жағдайда жауапкершілікке тартылатыны ескертілгеніне қарамастан, берешек екенін біле тұра сот актілерін орындаудан жалтарып, яғни ол сот актілерін орындамаған.
Сот отырысында құқық бұзушы өзінің кінәсін толық мойындап, тұрақты жұмыс болмағандықтан тиісті төлемдерді жасамағанын көрсеткен.
Құқық бұзушының іс-әрекеті ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен дұрыс сараланған, өйткені ол сот актілерін орындамаған.
Сот қаулысымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол 4 (төрт) тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынған. Қаулы заңды күшіне енбеген.