Баспананы несиеге алатындар көбейген

46
фото Алматы.тв

Статистикаға жүгінсек, баспананы несиеге алатындар көбейген. Биыл 5 айдың өзінде ел тұрғындары 4 трлн. 800 млрд. теңгеге ипотека рәсімдеп үлгерген. Бұл 4,5 пайызға көп. Баспананы несиеге алғандардың  басым бөлігі  астаналықтар.

Банк қала тұрғындарына 1 жарым трлн. теңгеге жуық қарыз берген. Одан кейін алматылықтар 1 трлн. теңгеге, Қарағанды қаласының тұрғындары  307 млрд. теңгеге ипотека алған. Ал жылжымайтын мүлік үшін ең аз несие рәсімдеген Ұлытау мен Жетісу облыстарының тұрғындары екен.