Шымкентте мемлекеттік бағдарлама бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 67 үйдің құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілмек. Қазір Бозарық ауданында бірқатар нысанға инфрақұрылым жүйелері кіргізіліп, әрлеу жұмысы жүргізіліп жатыр.
Шымкентте дәл осындай 1 бөлмелі пәтер 6 млн. теңге шамасында сатылады. Сонымен қатар әкімдік маңында орналасқан су жаңа нысанда 2-3 бөлмелі баспаналар да ел игілігіне берілуге сақадай сай тұр. Жауапты мамандар бұрын кеткен қателіктер бұл тұрғын үйлерге жіберілмегенін айтады.
Мадияр Байымбетов, Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы: «Соңғы жылдары құрылыс саласында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Оның бірден бір дәлелі 2020 жылы пайдалуға берілген үй саны осыдан 2 есе төмен болған еді. Атап айтқанда 2020 жылы 650 мың шаршы метр үй тапсырылға, 2022 жылдың қорытындысына сәйкес бұл көрсеткіш 1 млн 60 мың шаршы метрге өсіп отыр»
Сонымен қатар, Бозарық шағын ауданында мемлекеттік бағдарлама негізінде 5 қабатты тұрғын үй салынып жатыр. Биыл жыл соңына дейін 3 мыңнан аса пәтер кілтін тұрғындарға табыс ету жоспарланып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көп. Жауаптылар тұрғын үйдің құрылысын өз уақытында бітіруге әрекет етіп жатқанын айтады.
Абжат Әкімов, инженер: «Қазір біз 3 қабаттың кірпішін қалап жатырмыз. Біз кірпіш қалаудың ерекше технологиясын қолданамыз. Бұл әдіс бойынша кірпіш қаланған соң тез арада цемент қабырғаға жабысып, тез қатады. Қолданып жатқан арнайы технология арқылы кірпіш қалаймыз. Кірпіш, ол бетонға отыра салысымен, ол тез қатаяды. Қолданып жатқан құрылыс материалдарының бәрі отандық өнімдер. Өте сапалы. Сондықтан біздің құрылыс нысанымыз да сапалы салынып жатыр»
Шымкентте құрылыс қарқыны мұнымен тоқтап қалмайды. Алда мемлекеттік мекемелер мен мектептерге арналған ғимараттар салу бойынша үлкен жұмыс жоспары тұр.