Ет экспорты 10 жылдағы рекордтық көрсеткішке жеткен

31
Екі жасқа дейінгі ірі қараның, жылқының, қойдың еті ашық қызғылт, алқызыл, майы аппақ болса, 2-5 жас аралығындағы мал етінің түсі қызғылт болады

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев өткен жылы ет экспорты 28,7 мың тоннаны құрап, кейінгі 10 жылдағы рекордтық көрсеткішке жеткенін мәлімдеді.

«Пандемияға дейін 2019 жылы аусылға қатысты саулық мәртебесі оң болған кезеңде ет экспорты 9,7 мың тоннаны құрады, оның ішінде Қытайға – 3,6 мың тонна, Ресейге – 2,1 мың тонна және Иранға 2,3 мың тонна ет экспортталды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша солтүстік-батыс өңірлерде аусылға қатысты саулық мәртебе оң болмағанына қарамастан, Өзбекстанға, Біріккен Араб Әмірліктеріне және Қырғызстанға экспортты қайта бағдарлай алдық және экспорт көлемін 2,9 есеге арттырдық», – деді  Қарашөкеев Үкімет отырысында.

Нәтижесінде өткен жылы ет экспорты 28,7 мың тоннаға жеткен, бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш.

«Бұл үрдіс ағымдағы жылы да сақталуда. Өзбекстанға шығарылған ет экспорты 134 есе, ал Біріккен Араб Әмірліктеріне 8 есе артты», – деді министр.