Úı ANONS Түркістан облысы: Медицина саласының үздіктері марапатталды

Түркістан облысы: Медицина саласының үздіктері марапатталды

Дүниеде дәрігерден асқан абыройлы, жауапты мамандық жоқ, тәулік бойы денсаулықтың сақшысы болған адамдар ерекше құрметке ие. Түркістан облысы әкімдігінің мәжіліс залында медицина саласының үздіктері марапатталды.

Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталғандар:

Фатима Беспаева, облыстық клиникалық ауруханасының пульмонолог дәрігері;

Ольга Утянская, №2 облыстық перинаталдық орталығының бөлім меңгерушісі;

Төлеген Құралбаев, Сайрам аудандық орталық ауруханасының бөлім  меңгерушісі;

Нұрлан Әділбаев, облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының жүргізушісі;

Жақан Өзгелді, Ордабасы аудандық орталық ауруханасының фармаколог-дәрігері;

Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталғандардың қатарында

Махбуба Мамаюсупова, Бәйдібек  аудандық орталық ауруханасының дәрігері;

Бақытжан Бектаев, Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының онколог-дәрігері;

Жамила Музаффарова, «Қарабұлақ» Сайрам аудандық ауруханасының гинекология бөлімінің меңгерушісі;

Талғат Абдрахманов, Облыстық балалар ауруханасының  дәрігері;

Бақытжан  Нышанбаев, облыстық тері-венерология диспансерінің бөлім меңгерушісі ;

Оразхан Қалмырзаев, облыстық клиникалық ауруханасының дәрігері;

Зейнаб Бадалова, №1 облыстық перинаталдық орталығының акушер-гинекологы;

Хусниддин Шадиев, Сайрам аудандық орталық ауруханасының жалпы тәжірибелі дәрігері;

Баян Тұрарова, Созақ аудандық орталық ауруханасының аймақтық бөлім мейірбикесі;

Барно Ергешова, Түркістан қалалық балалар ауруханасының дәрігері;

Алиакбар Кузжанов, Шардара аудандық орталық ауруханасының дәрігері;

Ақбота Асанова, «Ақ-бұлақ» облыстық балалар оңалту орталығының бөлім меңгерушісі;

Айгүл Бекшораева, Кентау қалалық орталық аурханасының  акушер-гинекологы;

Халима Ахметова, Мақтарал аудандық «Мырзакент» ауруханасының бас мейірбикесі;

Дилбар  Атабаева , №3 облыстық перинаталдық орталығының акушер-гинекологы;

Гүлмира Аширова, Түркістан қалалық емханасының офтальмологы;

Гүлжан Қонысова Түркістан қалалық орталық ауруханасының оториноларинголог дәрігері;

Ақмарал Азретова, Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының бөлім меңгерушісі

Мемлекеттік жоғары наградасына ие болған «Қарабұлақ» Сайрам аудандық орталық аауруханасының гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Жамила Музаффарова еңбегін елеген халыққа алғыс білдірді.

Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісіне өңіріміздің 23 медицина саласының жетекші мамандары ие болды.

Қарлығаш Абдразақова, «Асық ата» Жетісай аудандық ауруханасының педиатор дәрігері;

Айнагүл Әміреева, Жетісай аудандық орталық ауруханасының  перзентхана бөлімінің меңгерушісі ;

Пернебай Сыдықов, Жетісай аудандық орталық ауруханасының травматолог дәрігері;

Ақмарақ Алмабаева Кентау орталық қалалық ауруханасының  терапия бөлімшесінің меңгерушісі

Майя Бердіқұлова, Кентау қалалық ауруханасының кардиолог дәрігері;

Талғат  Тәжіметов, Арыс аудандық орталық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі;

Жанат Нұрымбетова, Леңгір қалалық ауруханасының перзентхана бөлімінің меңгерушісі ;

Шыңғыс Байменов, облыстық клиникалық ауруханасының урология бөлімінің меңгерушісі;

Нұрбол Сақов, облыстық клиникалық ауруханасының ортопедия бөлімінің меңгерушісі;

Алтын Бегманова, №1 облыстық перинаталдық орталығының КДБ меңгерушісі;

Роза Досжанова, №3 облыстық перинаталдық орталығының бөлім меңгерушісі

Ерғали Дүйсебаев,№3 облыстық перианаталдық орталығының дәрігері;

Гүлнара Алменова, №2 облыстық перинаталдық орталығының гинекология бөлімінің меңгерушісі

Алимат  Пармонов, Сайрам аудандық  орталық ауруханасының травматолог-дәрігері;

Елена Радченко, Төлеби аудандық ауруханасының ішкі ағза бөлімінің меңгерушісі;

Бахрам Сайдуалиев, Түркістан, қалалық балалар ауруханасының жандандыру бөлімінің меңгерушісі ;

Айгерім Белгібаева, облыстық тері-венералогиялық диспансерінің дәрігер»;

Ерболат Рахымбаев, Арыс аудандық орталық ауруханасының босану бөлімінің меңгерушісі;

Татьяна Ким, Шардара аудандық орталық ауруханасының жан сақтау бөлімінің меңгерушісі

Зәуреш Ешенқұлова, Төлеби аудандық ауруханасының стоматолог дәрігері;

Гүлнұр Ембердиева, №1 облыстық перинаталдық орталығының акушер-гинеокологы; Зульфия Кешубаева, Жетісай аудандық орталық ауруханасының балалар бөлімінің меңгерушісі

Облыс көлемінде ұйымдастырылған «Жылдың үздік дәрігері» конкурсының жүлдегері арасында «Үздік хирург дәрігер» номинациясында Түркістан облыстық-клиникалық ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Асқар Бахтияров қол жеткізді.

«Әлемдегі дәрігерлердің ең сүйікті даналық сөзі «Әдемі адам- ол, дені сау адам» екен. Ал жаны сұлу, ойы көркем, тұла бойы әсемдікке тұнған ақ халатты абзал жандар. Дәрігерлік мамандық — бұл ерлік. Олар өмірін азаматтардың денсаулығына арнайды» дейді еңбек ардагері Төлеген Құралбаев.

Асхан Байдуәлиев, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы: «Облыста үш мыңға жуық медицина қызметкері шетелдің үздік клиникаларында оқып, біліктілігін арттырды. Биыл Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында 6918 және облыстық балалар ауруханасында 2985 ота жасалған. Емдеу мекемелерінің медициналық құрал-жабдықтары да үздіксіз толықтырылуда. Шалғай жатқан елді мекендерді 18 медициналық пункттермен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Жалпы, қазіргі таңда облыс бойынша 5485 дәрігер және 19095 орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді».

Ақ халатты, алтын қолды дәрігерлер қауымына бесіктегі баладан еңкейген қарияға дейін айтар алғысы шексіз. Олай болса құрметті дәрігерлер отбасыларыңызға амандық, өздеріңізге мейірімділік пен шыдамдылық тілейміз!!!

Exit mobile version