Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 23 қаңтарынан бастап 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген шетелдік автомобильдерді заңдастыру акциясы жүргізілуде.
Бұл акция 1-шілде күні аяқталады, яғни небары 2 күн ғана уақыт қалды. Осыған байланысты Әкімшілік полиция басқармасы мен процессингтік орталықтарының арнайы мамандары күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Нақтырақ айтсақ, а. ж. 1 шілдесіне дейін Арнайы ХҚКО-ның жұмыс кестесі. дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00 — ден 20.30-ға дейін, сенбі күні сағат 09.00-ден бастап сағат 19.30-ға дейін.