Тілдерді дамыту мақсатында 5 айда ұйымдастырылған іс шаралар

33
Ордабасыда еңбек өтілі 600 жылды құрайтын ұстаздар династиясы бар

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының тілдерді дамыту саласында атқарған жұмыстары жайлы басқарма басшысы Сәкен Шакеев баяндады. Айтуынша, ағымдағы жылдың  5 айында Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығында 533 азамат қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен курстан өтті.

Оның ішінде: қазақ тілінен – 314 адам, орыс тілінен – 44 адам, ағылшын тілінен – 175 адам. Ұлттық құрамы: қазақтар – 345, орыстар – 96, өзбектер – 37, өзге этностар – 55. Мемлекеттік қызметшілер – 115, азаматтық қызметкерлер – 418.

2023 жылғы 5 айында өткізілен байқаулар мен семинарлар: «Көркемсөз оқу шеберлері» байқауы; «Сандық технологиялар арқылы тілдерді оқытудың түрлі инновациялық әдіс-тәсілдері» семинар-тренингісі; наурызда «The Best Teacher» қалалық байқауы. 12 мамырда «Ана тілі және отбасы – 2023» қалалық байқауы.

Алдағы уақытта  ұйымдастырылатын шаралар: 23 қазанда «Мемлекеттік тілді білу – парызың» байқауы; 5 қыркүйекте «Мемлекеттік тіл – менің тілім» қалалық форумы; 10 қазанда «Тілдарын – 2023» байқауы;  14 желтоқсанда «Тіл – тәуелсіздік тірегі» конференциясы.