Түркістанда мемқызметкерлер арасында спартакиада басталды

36

Түркістан облысында мемлекеттік қызметшілер күніне арналған облыстық спартакиада басталды. Мемлекеттік қызметкерлер 5-9 маусым күндері волейбол, кіші футбол, қазақ күресі, жүзу, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, бильярд сынды спорт түрлері бойынша бақ сынайды. Жарыс рухани Астанада орналасқан спорт кешендерінде өтеді. Додадының ашылуына облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев келіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бейсен Тәжібаев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары: “Өздеріңізге мәлім, жарыстың негізгі мақсаты – ҚР Президентінің Жолдауындағы салауатты өмір салтын және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру. Мемлекеттік қызметшілер арасында достық қарым-қатынасты нығайту арқылы халықты жүйелі түрде спортпен шұғылдануға тарту. Айтулы күнмен баршаңызды құттықтай отырып отбасыларыңызға амандық, істеріңізге береке тілеймін. Мемлекеттік қызметші болу мол жауапкершілікті жүктейді. Қиындығы мен қуанышы мол жұмыста әрдайым табысты болыңыздар. Жаңа Қазақстанды дамыту жолында бірлесіп еңбек ете берейік».

Айта кетейік, Мемлекеттік қызметшілері арасындағы спорттық дода Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер кубоктармен, дипломдармен және медальдармен марапатталады.