Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер қатары артып келеді. Олардың басым бөлігі өнім өндіру, қызмет көрсету, жылыжай, ауыл шаруашылығы саласында тер төгіп жүр. Одан бөлек, дүкен ашып, азық-түлік өнімдерін сатумен айналысатындардың да қатары қалың.
Кәсіпкерлердің басым бөлігі бүгінде кондитерлік өнім өндіру мен қызмет көрсету саласын таңдайды. Қазығұрт аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі ұдайы кәсіпкерлерге қолдау білдіріп отырады. Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап аудан аумағындағы азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру бойынша құрылған жұмысшы топ құрамымен бірге, аудан орталығындағы «Ешанқұл ата» орталық базары мен сауда нүктелеріне мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі таңға, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы Мемлекет басшысының тікелей бақылауындағы маңызды мәселе. Яғни, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын шекті рұқсат етілген мөлшерінен асқан жағдайда, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне және 2004 жылғы 12 сәуірдегі №544 «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес әр бір сауда нүктелерінің иелеріне Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына рұқсат етілген шекті бағаларының сақталуын қамтамасыз етуді және шекті мәнінен асқан жағдайда заң аясында айыппұл салынатындығы жөнінде толыққанды түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аудандық бөлім тарапынан кәсіпкерлерге ұдайы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлердің заң аясында жұмыс істеуіне ықпал етеді. Әрі ауыл халқының әл ауқатын арттыруға да аталмыш шараның тигізер септігі мол.