Шымкенттік тарихшылар мен археологтар киелі Сайрамға экспедиция жасады. Бұл шара «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен «Belgili jane belgisiz Sairam” тақырыбымен өтті. Тарихи өлкені аралаудағы негізгі мақсат қандай?
Көне Сайрам өңірінің туристік әлеуетін арттыру мақсатында көптеген жұмыстар жасалуы тиіс. Мұндай ортақ ойға экспедиция мүшелері бір ауыздан келгенін айтады. Бүгінде аймақтағы ертеден қалған құнды ескерткіштер мен жәдігерлер толық зерттелмеген. Сондай-ақ тылсым дүниелерді тамашалауға келетін туристерге көрсетілетін қызмет сапасын да арттыру қажет, дейді сала мамандары.
Азамат Ергешбаев, археолог: «Сайрамның тарихы терең. Онда кіретін зат жеткілікті. Яғни ол археологиялық ескерткіш ретінде өте кең. Және осының бірі кеше кіріп шыққан жер асты негізі жер асты емес ашылған монша. Орта ғасырлық деп айтсақ болады, ол қазір базардың астында қалып қойған. Және соны болашақ туристерге ашып, визит центр ретінде ашсақ нұр үстіне нұр болар еді. Оның барлығы қаржыға келіп тіреледі”.
Өкінішке орай бүгінде аталған монша үлкен сауда орнының астында қалып қойған. Бұл, үлкен олқылық. Себебі дәл қазір ортағасырлық нысанның ұмыт қалуына жол бермеу қажет дейді археологтар. Олар тарихи моншаны туристер ордасына айналдыру қажет екен, ал ол жұмыс аз қаржыны талап етпейтінін айтады.
Миралим Мирхалдаров, магистр-тарихшы: «Қай елді жоғалту үшін тілі мен тарихын жойсаң, ел өз өзінен жоғалып кетеді. Сондайға бармау үшін Визит орталық, археолог, басқа да азаматтарымыз Сайрамның тарихын сақтап қалу, оның тарихын бүкіл туристерге елге тарату, жеткізу, тереңде жатқан тарихын ашу үшін осы экспедиция жұмыстары жасалды».
Ержан Орынбасаров, кәсіби гид-экскурсовод:» Инфраструктура бойынша жаңағы тротуарлар және көгалдандыру жұмыстары егер де ондай жұмыс болатын болса мен айтып жатқан жоқпын бүкіл Сайрамда, тек өзінің цитаделі бар ғой , үлкен, тақтайшалар болады ғой, кім қайда бару керек және аралары 300-400 метр десе, бізде көп туристер сондайға үйреніп қалған».
Мамандар, болашақта бұл мекеннің керемет туристік орталыққа айналатынына сенімдіміз дейді. Алдағы уақытта тиісті басқармаларға қажетті ұсыныстарын тастап, киелі жердің танымалдылығын арттыру көзделуде.