Масаң күйде көлік құралын басқарған

107
фото Егемен

А. көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, 2023 жылғы 29 маусымда 5 сағат 00 минут шамасында Кентау қаласы, Төле би көшесінде өзінің басқаруындағы көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған.

Сот отырысында А. көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғанын мойындайтыны, ол бойынша өкінетіні, көлік құралын басқару куәлігін алмағаны туралы түсініктеме берді.
Нәтижесінде А. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол осы баптың талабымен 20 (жиырма) тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.