Шымкент қ. ТЖД «101» диспетчерлік пультіне 15 шілдеде сағат 15:45-те Тұран ауданы, Қазыбек би көшесі бойында құрылысы бітпеген тұрғын үйдің шатыры жанып жатқаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына №1 шақырту бойынша күштер мен құралдар жолданды. Оқиға орнында екі қабатты тұрғын үйдің шатыры жанған. Өрт сағат 17.34_те оқшауланды, сағат 18.45_те сөндірілді.
Өртті сөндіруге Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің 47 адам жеке құрамы, 13 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бір бригадасы, қалалық коммуналдық қызметтері жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталуда.
Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.